НКОК Н.В. әдеп және сәйкестік (комплаенс) мәселелері бойынша жедел желісі

Сәтті хабарлама сипаттамасы

Әдеп нормалары мен іскерлік қарым-қатынас адалдығының қағидаттарын бұзу туралы хабарламаларды тиімді түрде қарастыру үшін Сіздің хабарламаңыз өзіңіз куә болған нақты фактілер мен жағдайлар туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуы тиіс. Хабарламада айтылған фактілерді растайтын құжаттар жедел желі қызметінің мамандарына елеулі көмек көрсетуі мүмкін. 

Сәтті хабарламаның келесі сипаттамаларына назар аударуыңызды өтінеміз:

  • Жеделдік – теріс жағдай орын алғаны сізге мәлім болған кезде ол туралы дереу хабарлаңыз;

  • Хабарламаның анықтығы мен бейтараптығы – фактілерге өзіңіздің көзқарасыңыз немесе пайымдауыңызды емес, тек нақты фактілерді көрсетіңіз;

  • Ақпараттың толықтығы – Сізге белгілі деректерді барынша сипаттаңыз (күні, мекенжайлар, аты-жөні, лауазымдары және т.б.);

  • Негізділігі – баяндалған фактілерді құжаттармен немесе ондай құжаттарға сілтемелермен қоса беріңіз.

Шынайылық пен іскерлік қарым-қатынас адалдығының қағидаттарын бұзуға жол бермеудің тиімділігі Сіздің жедел желімен жұмысыңызға байланысты екенін есте сақтаңыз.