Жедел желі – жиі қойылатын сұрақтар

1. Жедел желі не үшін қажет?

Жедел желі Сізге НКОК қызметкерлері тарапынан, сондай-ақ НКОК компаниясымен іскерлік қатынастары бар үшінші тұлғалар тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік фактілері туралы, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманы, НКОК Жалпы іскерлік қағидаттары мен НКОК Әдеп кодексін бұзу жағдайлары туралы құпиялы түрде хабарлауға мүмкіндік береді. 

2. Жедел желіні кім пайдалана алады?

Жедел желі НКОК компаниясының барлық қызметкерлері үшін қолжетімді. Сонымен қатар, мәселелерді немесе күдіктерді хабарлау үшін жедел желіні НКОК компаниясымен іскерлік қатынастары бар үшінші тұлғалар (мысалы, жеткізушілер және агенттер) пайдалана алады.

3. Мен қандай құқық бұзушылықтар туралы хабарлай аламын?

Сіз жедел желіні құқық бұзушылықтардың келесі түрлерін хабарлау үшін пайдалануыңызға болады:

  • сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, жалғандық және ұрлық фактілері;

  • мүдделер қақтығысы;

  • іскерлік сыйлықтарды, ойын-сауық немесе іскерлік қонақжайлықты асыра пайдалану;

  • кемсітушілік, жәбіршілік (алымсақтық), ішімдікке немесе есірткіге салыну;

  • АТ-ресурстарын жөнсіз пайдалану;

  • компания ресурстарын ысырап немесе орынсыз пайдалану;

  • қызметкерлердің/бастықтардың әдепсіз әрекеті туралы;

  • әлеуметтік-еңбектік қақтығыстар;

  • Жалпы іскерлік қағидаттарын және Әдеп кодексін бұзу;

  • басқа да мүмкін заң бұзушылықтары.

4. Жедел желіге ақпаратты қалай ұсына аламын?

Хабарламаны төмендегі үш әдістің кез келгені арқылы жіберуіңізге болады:

  1. Тікелей сайт арқылы;

  2. 8 (800) 080 15 65 жедел желі нөміріне қоңырау шалу;

  3. ncoc.hotline@deloitte.kz электронды поштасына хабарлама жіберу.

Барлық көрсетілген байланыс түрлері тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді.

5. Жедел желіге хабарласқан кезде қандай ақпаратты ұсыну керек?

Сіз ұсынатын кез келген ақпарат назарға алынады. Алайда, Сіз неғұрлым көп ақпарат ұсынсаңыз, бізге қандай мәселе болғанын және оны қалай шешу керектігін анықтау соғұрлым жеңіл болады. Осыны ескере отырып, біз Сізді келесідей ақпаратты ұсынуға кеңес береміз:

  • Қандай оқиға болды?

  • Оқиға қайда және қашан орын алды?

  • Сізге оқиға туралы қалай мәлім болды?

  • Оқиғаға кімнің қатысы бар?

  • Оқиға қазіргі уақытта жалғасып жатыр ма әлде аяқталды ма?

  • Қандай дәлелдер бере аласыз? Мысалы, фотосуреттер, құжаттар, хат алмасу және т.б.

  • Сіз хабарлағыңыз келген басқа да қосымша ақпарат.

6. Мен ұсынатын ақпарат қалай өңделеді?

Құпиялылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық ақпарат сыртқы тәуелсіз компанияға келіп түседі және ол оны қарастырып, өңдейді.

Ол компания келіп түскен хабарламалар туралы күнделікті есеп дайындайды және оны НКОК компаниясының әдеп және комплаенс департаментіне жібереді.

НКОК компаниясының әдеп және комплаенс департаменті есепті қарастырады және НКОК компаниясының ішкі саясаттарына сәйкес тиісті шаралар қолдану жөнінде шешім қабылдайды.

7. Егер мен аты-жөнімді көрсеткім келмесе, мен ұсынатын ақпараттың құпиялы және анонимді болып қалуына қандай кепілдік бересіз?

Егер Сіз хабарлама жіберген кезде аты-жөніңіз бен байланысу деректеріңізді көрсеткіңіз келмесе, жеке ақпаратты жедел желі операторы тіркемейді және оны НКОК компаниясына бермейді. Жедел желіге шалынатын қоңыраулар қадағаланбайды және сөйлесу жазылмайды.

8. Ақпарат ұсынған соң мен құғындауға ұшырамайтыныма немесе маған қарсы әрекеттер жасалмайтынана сенімді бола алам ба?

НКОК шағым беретін кез келген тұлғаны құғындаудан және қарсы әрекеттерден қорғайды. Кез келген болжалды құғындау немесе қарсы әрекет фактілері жайлы ондай әрекеттерге жол бермеу үшін әдеп және комплаенс департаментіне хабарлаған жөн.

9. Хабарламаларды қарастырудың мерзімдері қандай?

Хабарламаларды қарастыру мерзімі көптеген факторларға байланысты, соның ішінде хабарламада көрсетілген ақпараттың толықтығы мен нақтылығына, растаушы құжаттардың бар болуына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың түріне.

10. Жедел желі туралы сұрақтарымды кімге қоя аламын?

Қандай да бір сұрақтарыңыз туындаған жағдайда НКОК компаниясының әдеп және комплаенс департаментіне хабарласыңыз.