НКОК Н.В. Жедел желісінің сайтына қош келдіңіз!

НКОК Н.В. өз беделіне зор мән бере отырып, өз қызметкерлеріне, контрагенттеріне және НКОК Н.В. компаниясымен іскерлік қарым-қатынаста болғандардың барлығына әдеп пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстануын талап етеді.

Бұл Жедел желі НКОК Н.В. компаниясының қызметкерлері, контрагенттері немесе іскерлік қарым-қатынастары бар үшінші тұлғалар тарапынан болған кез-келген заңсыз, алаяқтық немесе басқа теріс әрекеттері жайлы құпиялы түрде хабарлау мүмкіндігі болуы үшін ұйымдастырылған.

Хабарламалар, Қазақстан Республикасының заңдарын немесе Компанияның ішкі саясаты мен рәсімдерін нақты немесе болжамды орындамау және тікелей бұзу сияқты жағдайлар туралы, келесі жолдармен қабылданады:

Барлық хабарламаларды құпиялық пен анонимділікке кепілдік беретін (егер Сіз анонимді болып қалғыңыз келсе) тәуелсіз компания қабылдап, өңдейді. Өңделген хабарламалар НКОК Н.В. компаниясының жауапты тұлғаларына беріледі және олар ондай хабарламалардың құпиялы түрде қарастырылуын қамтамасыз етеді.

Әдеп және сәйкестік (комплаенс) – мәселелері бойынша жедел желіге жүгінсеңіз, сіз НКОК Н.В.-ның Жедел желісінің тәуелсіз операторы қызметкерлері және кәсіби міндеттері Сіздің хабарламаңызбен тікелей байланысты болатын НКОК Н.В. жауапты тұлғаларына жеке деректеріңізді өңдеулеріне келісім бересіз.

Ескеріңіз! Сіз жіберген хабарламаға тиімді әрі уақтылы жауап қайтару үшін келесі критерийлерге назар аударыңыз:

  • Бастамашыл болыңыз – теріс жағдай орын алғаны сізге мәлім болған кезде ол туралы дереу хабарлаңыз;

  • Бейтарап болыңыз – өз көзқарасыңыз немесе пайымдауыңызды емес, тек нақты фактілерді хабарлаңыз;

  • Ақпараттың толық әрі нақты болу керектігін ұмытпаңыз – Сізге белгілі деректерді барынша сипаттаңыз (күні, қызметкерлер және олармен байланысты тұлғалардың аттары мен лауазымдары, компаниялардың атаулары, мекенжайлары және т.б.);

  • Растау немесе дәлел беріңіз – баяндалған фактілерді растаушы құжаттармен, ондай құжаттарға сілтемелермен немесе оларды растай алатын тұлғаны көрсетіп растаңыз.

Жедел желінің жұмысы жайлы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз.

Маңызды! Бұл Жедел желі шұғыл көмек көрсету қызметі болып табылмайды. Егер Сіз хабарлағыңыз келген жағдай біреудің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, тиісті шұғыл көмек көрсету қызметіне қоңырау шалыңыз.

Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!